386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысына Чехиядан сүтті 64 сиыр әкелінді

  • 143
  • UPD: 13:34, 22.07.2019
Жамбыл облысына Чехиядан сүтті 64 сиыр әкелінді

Жамбыл облысына шет елден ірі қара мал жеткізілуде. Жуалы ауданына Чехиядан симментал тұқымды етті және сүтті бағыттағы 64 бас сиыр әкелінді.

Шығындарды тез өтеп, жақсы пайда әкелетіндіктен малдың бұл түрін  шаруалар тиімді деп есептеп отыр. Биыл мал өсірушілер 4 мыңға жуық ірі қара сатып алмақ. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, бұл өңірдегі ет өнімділігін арттырып, экспорт  әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. 2027 жылға дейін  Жамбыл облысына шетелден етті бағыттағы 36 мыңға жуық ірі қара әкелу жоспарлануда.

Балжан Ысқақова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Ірі қараны импорттаудың бізге берері, біздің облысымыздың ірі қараларының генетикалық потенциалын көтеру болып табылады. Биылғы жылы, сол Сыбағы бағдарламасы аясында 4 мың бас шетелден алып келу жоспарланса, бүгінгі күнге 2900 бас нақты облысымызға кірді. Еттің экспорты негізінен Иран мен Өзбекстанға кетіп жатыр. Кувейт мемлекеті, ішінара Қырғызстанға.

Хабар 24 телеарнасы