386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау жағажайларында адамға қауіпті бактериямен күрес басталды

  • 176
  • UPD: 14:34, 22.07.2019

Жұмысшылар күн сайын 2 гектар жағалауды қопсытып шығулары тиіс. Жер қазу жұмыстарына 20 шақты адам мен 6 техника жұмылдырылған.

Жергілікті билік газды гангрена тудыратын қоздырғыштан осылайша құтылуға болатынын айтады. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада теңіз суы мен құмнан сынама алған эпидемиологтар бірнеше жерден зиянды бактерияны тапқан болатын. Тексеру барысында анықталған «клостридия перфрингенс» қоздырғышы асқазанға инфекция түсіріп, кез-келген ауруды асқындыруы мүмкін. Сондықтан да мамандар жағажайда демалушыларға қарапайым гигиена талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Әсима Жұмабайқызы, Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Бұл қоздырғыш топырақта ұзақ сақталады. Адамның ағзасына инфекция түсіреді. Ашық жарақаты бар адамдарда газды гангрена пайда болуы мүмкін. Сондықтан да қопсыту жұмыстары аяқталғанша, жарақаты бар адамдардың жағалауға жақындамағаны дұрыс. Суға түсушілерге құм үстінде тамақ жемеуге кеңес береміз.

Қайрат Ақыбаев, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда сол қайырды қопсыту жұмыстары жүріп жатыр. Қопсыту жұмыстары дегеніміз бактериялар топырақтың астында орналасқан, ылғал жерде орналасқан. Оны жердің бетіне шығарса, күннің сәулесімен күйіп, ұшып кетеді бактериялар. Сондай қасиеті бар. Сол себепті осындай жұмыстарды жасап жатырмыз қазіргі таңда.

Хабар 24 телеарнасы