386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореядағы апаттан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

  • 147
  • UPD: 14:27, 22.07.2019
Кореядағы апаттан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

Оңтүстік Кореядағы ірі жол-көлік апаты кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Оңтүстік Кореядағы жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары тіркелмеді», - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан мәліметінде.

Осыған дейін хабарланғандай, дүйсенбі күні таңертең Корея Республикасының солтүстік-шығысындағы Канвондо провинциясында 16 жолаушысы бар шағын автобус аударылды. Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы тоғыз жолаушы жарақат алып ауруханаға жеткізілген, оның үшеуі хал үстінде жатыр.

Полиция мәлімдеуінше, 16 жолаушының ішіндегі жетеуі шетелдік болған.

Хабар 24 телеарнасы