386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінен шыққан қайраткер Сұлтанбет сұлтан туралы кітап жарық көрді

  • 237
  • UPD: 15:31, 22.07.2019

Ертіс өңірінде XVIII ғасырда өмір сүрген саяси және мемлекет қайраткер, қазақ хандығының Ресеймен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнатқан дипломат, қазақ-қытай арасындағы келіспеушілікті шешуде мәмілегер ретінде танылған Сұлтанбет Сұлтан туралы екі томдық кітап жарық көрді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде оқырманға жол тартқан кітапта тарихи тұлға жайында тың деректер жинақталған. Еңбекке Орынбор мен Омбыдан табылған 450-ден астам мағлұмат негіз болды. Архивтік құжаттарды аймақтың ғалымдары көне славян тілінен аударған. Айта кетейік, Сұлтанбет Сұлтан туралы зерттеу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын басталды. Сұлтан 60 жасында баһадүр мәртебесіне ие болып, аты жер-жаһанға танылған. Кешенді жұмыстың арқасында ұлы тұлғаның үй-жайы болған орын да табылды. «Сұлтандар аралы» деп аталған жер Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Көне құжаттардың негізінде тұлға  тұрған резиденциясының көшірмесі де бой көтерді. Бүгінде бұл ғимарат республикалық қасиетті жерлер картасының тізіміне енгізілді. Үй-жай ғылым және білім ордасына айналды. Таралымы 500 дана жинақ өңірдегі кітапханаларға таратылмақ. Болашақта бірнеше томы жарық көреді.

Жұмабек Қамзин, қоғам қайраткері, Сұлтанбет сұлтанның ұрпағы:

- Сол құжаттардың ішінде бұрын естімеген, бұрын білінбеген мәліметтер бар. Соның барлығы осы кітапқа енді. Мысалы, Ресей патшасы мен атамыздың қарым-қатынасы, Ресей патшасы кезінде өзінің марапаттарын ұсынғаны, Қытай патшасымен қатынастың терең болғаны сол жөнінде біз, мысалы білмедік. Атамызда 18 ұл болған екен, соның 11-і кіші болыстардың сұлтаны болған адамдар.

Хабар 24 телеарнасы