386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында 8 адам улы жәндіктерден зардап шеккен

  • 208
  • UPD: 17:14, 22.07.2019
Ақтөбе облысында 8 адам улы жәндіктерден зардап шеккен

Ақтөбе облысында бірнеше адам улы жәндіктерден зардап шекті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы екі айдың өзінде облыстық жедел жәрдем ауруханасына жылан мен белгісіз құрт түрлері шаққан төрт тұрғын түскен. Дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, науқастардың өмірін сақтап қалды. Ал жыл басынан бері 8 ақтөбелік улы жәндіктерден зардап шеккен. Былтырғы көрсеткіш бұдан екі есе көп. Әсіресе, өңірдің Байғанин, Қобда және Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласындағы бірнеше бау-бақша ұжымдарынан ауруханаға түсушілер жиілеген. Сондықтан да мамандар сақ болуды ескертіп отыр.

Толқынай Рахматулина, облыстық медициналық жедел жәрдем ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

– Емді тағайындау бойынша алды. Жағдайлары жақсарды. Ешқандай науқастың асқынулары болған жоқ. Жылма-жыл салыстырғанда жағдай осындай 12-14 кейде августе көбейіп кетеді. Адам өзі білетін шығар сақтану жолдарын. Адам үйде жүргенде қарап жүру керек, өрмекшілер қоқыстар жиі жиналатын жерлерден шығады.

Хабар 24 телеарнасы