386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте 3 жасар қыздың неден қайтыс болғаны белгілі болды

  • 275
  • UPD: 17:20, 22.07.2019
Шымкентте 3 жасар қыздың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 3 жасар қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша қыз механикалық асфикция салдарынан қайтыс болған.

Сараптама қыздың денесінен зорлық жасау белгілерін тапқан жоқ.

«Қазіргі уақытта барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. Істі прокуратура мен Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Шымкентте үш жасар қыздың мәйіті табылған шағын аудандардың бірі қоршауға алынған еді.

Хабар 24 телеарнасы