386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қоғамдық кеңестер туралы жаңа заң жобасы әзірленді

  • 164
  • UPD: 20:10, 22.07.2019

Қоғамдық кеңес мүшелерін алдағы уақытта арнайы жұмыс тобы іріктейтін болады.

Комиссияны азаматтық қоғамның өкілі басқарады. Тиісті заң жобасы әзірленді. Ал қазіргі ереже бойынша кеңес мүшелерін таңдайтын топқа мемлекеттік органның қызметкері жетекшілік етеді. Бұдан бөлек, жаңа құжатқа сәйкес қоғамдық кеңестің құрамындағылар құқық қорғау органдары басшыларының есебін де тыңдай алады. Кеңес мүшелері берген ұсыныстарға мемлекеттік органдардың өкілдері бір айдың ішінде нақты жауап беруі тиіс. Мұның бәрі жаңа заң жобасына енгізілген. Жалпы бүгінгі таңда елде 231 қоғамдық кеңес бар. Оған 3 жарым мыңнан аса адам мүше. 15-і республикалық деңгейде жұмыс істейді. Олардың атқарған істеріне енді зерттеу жүргізілмек.

Гамал Түзелбаев, «Азаматтық Альянс» бірлестігінің вице-президенті:

– Баяндама жасағалы отырмыз. Бұл жылдың қараша айында сол баяндама бүкіл жұртшылыққа мәлім болады. Сол үшін біз қазір қоғамдық кеңестердің жұмысын зерттеуге кірісіп кеттік.

Хабар 24 телеарнасы