385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы қоймада болған өрттен соң ауаның ластануы байқалды

  • 182
  • UPD: 20:11, 22.07.2019

Алматының Жетісу ауданындағы сырлау-бояу заттары сақталған қоймадағы өрттен соң 18 шілдеде ауада диоксид азот мөлшері шамадағыдан артқан.

«Қазгидромет» мамандары экологтармен бірлесіп, өрт болған ғимаратқа жақын 4 аймақта жоспардан тыс зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, 2 аймақтың ауасынан зиянды заттар анықталған. Айта кетейік, сол күні тілсіз жау 450 шаршы метрді жалмаған болатын. Болжам бойынша, қоймада 200 тонна сырлау-бояу заттары сақталған. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше, өрттің себебі әзірге анықталған жоқ.

Жанар Махметова, қалалық «Казгидромет» РМК бөлім бастығы:

– Қорытынды бойынша, Жетісу ауданында екі нүктеде атмосфералық ауаның ластануы байқалды. Ол диоксид азот және фенол бойынша. Диоксид азот 2,5 пдк. Фенол 1 пдк ластану көрсетілді. Жоғары және экстремалды жоғары ластану байқалмады. Әр 20 минут сайын өрт болған аудан бойынша тексеру жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы