386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматылық тәрбиеші бала ұрламақ болған әйелді сипаттап берді

  • 189
  • UPD: 19:43, 22.07.2019
Алматылық тәрбиеші бала ұрламақ болған әйелді сипаттап берді Регион Online

Алматылық тәрбиеші Айжан Бекен 96-балабақшадан бүлдіршінді ұрлап кетпек болған әйелдің бет-әлпетін сипаттап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті ұзын көйлек пен үлкен қалпақ киген және көзәйнекте болған. Бетін де көрсетпеуге тырысқан. Дегенмен Айжан Бекеннің айтуынша, әйел азиялық нәсілден, ал жасы 30-35 шамасында. Өзін «Айнұрамын» деп таныстырыпты. Қала жұртшылығын елең еткізген оқиға 16 шілде күні болды. Белгісіз бір әйел балабақшаға кіріп бүлдіршінді алып кетпек болған. Қаскөй тәрбиешіге баланың туысқанымын, әке-шешесі көлік апатына түсті деп алдаған.   

Айжан Бекен, балабақша тәрбиешісі:

– Барлық отбасы мүшесі жол апатына түсті деп айтқан болатын. Сондықтан мен кішкене қобалжып, қорқып кеттім. Баланы жібере жаздадым. Баланы ұстадым да, ата-анасына звондайын дедім. Сіз күте тұрыңыз деп едім, ол кісі есіктен шығып басқаша әңгіме айтты.

Әйелдің бұл қылығы күдік тудырғандықтан, тәрбиеші баланы алып қалған. Осы жайттан кейін Алматыдағы барлық балабақшаларға мұқият болу туралы ескертілді. Ережеге сай балалар тек ата-анасына беріледі. Немесе нотариуспен бекітілген қолхатта көрсетілген азаматтар ғана ала алады. Білім басқармасындағылар балабақшаға күзет қою туралы да жауап берді.

Әлия Сағиева, білім басқармасы мектепке дейінгі бөлімінің басшысы:

– Балабақшалардың штаттық кестесінде күзет деген ставка жоқ. Күзет қойыла ма? Қойылмай ма? Ол бізден болмайды. Ол мемлекет тарапынан штаттық кесте өзгеретін болса ондай штаттық бірлік енгізілетін болса сол кезде ғана болады.

Хабар 24 телеарнасы