386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысындағы елді мекендерге асфальт жол төселіп жатыр

  • 173
  • UPD: 20:42, 22.07.2019
Атырау облысындағы елді мекендерге асфальт жол төселіп жатыр

Атырау облысындағы аудандар мен ауылдық елді мекендерге де асфальт жол салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен соңғы 5 жылда Индер ауданындағы бірнеше ауылға жол салынды. Бұл жұмыстар биылда жалғасын тапты. Атап айту қажет, осы жылы бұл уақытқа дейін асфальт жолы мүлде болмаған ауылдарға баса мән берілді. Сонымен қатар аудан орталығы Индербор кентінің көшелеріне де 9 шақырымға жуық тегіс жол салынып, жаяу жүргіншілерге арналған жиектерде жаңартылып жатыр. Аудан үшін маңызды Есбол, Аққала ауылдары да биыл назардан тыс қалған жоқ. Қазір бұл ауылдарда қызу жұмыс жүріп жатыр. Аудан бойынша жалпы ұзындығы 50 шақырымға жуықтайтын жол құрылысы екі жылдан соң толық аяқталатын болады.

Ерболат Сабыров, Есбол ауылдық округінің әкімі:

– Бұл жұмыстар жасалып біткеннен кейін ауылымыз көркейіп, экономикалық даму болады деген сенімдеміз. Бұл жолдың салынуына ауыл халқы дән риза екендігін айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы