386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Талдықорған-Таскескен» тасжолының құрылысы қалай жүруде?

  • 158
  • UPD: 20:40, 22.07.2019

Биыл Талдықорған-Өскемен бағытындағы автомагистральдің құрылысы басталғаны белгілі.

Күре жолдың Алматы облысына қарасты аймағы 382 шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін мемлекеттік деңгейдегі маңызы бар осы жолдың тең жартысына жуығы асфальтталады.

Владимир Балыгин қызмет бабымен Талдықорғанға жиі қатынайды. Сондықтан жанама жолмен жүрудің қиындығын бір кісідей біледі. Көлік жүргізушісі қауіпсіздік шараларын күшейтсе екен дейді. 

Владимир Балыгин, жүргізуші:

– Жақында жаңа жолмен жүретінімізді білеміз. Ал оған дейін мына тас төселген жолға су сеуіп тұрса екен дейміз. Әйтпесе, шаң көтеріліп жатады.   

Азамат Әлімбеков, жүргізуші:

– Жол жаман, машинамыз сынып жатыр. Алла бұйырса, шығамыз жолға. Жолдың аяқталуын біз тосып жүрміз. Халықтан бұрын біз тосып жүрміз.

Мердігер мекеме өкілдері шаң көтерілмеуі үшін су шашатын 28 техника жұмылдырылғанын айтады. Сонымен қатар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 150 жол белгісі орнатылыпты. Жалпы Талдықорған-Таскескен бағытындағы жолдың құрылысына 2 мыңға жуық  адам тартылған. Олар автомагистральді биіктетіп, көпірлерін салып жатыр.

Яң Бо, жоба жетекшісі:

– Қазіргі таңда біз 180 шақырым айналма жолдың негізін төсеп болдық. Сағабүйен ауылының жанында асфальт салына бастады. Биыл шамамен 200 шақырымды аяқтауды жоспарлап отырмыз.

Аймақтың климаттық жағдайына байланысты асфальт пен бетонды араластырып төсеу жоспарланған. Мамандар бұндай жол кемінде 30 жылға дейін қызмет ететінін айтып отыр. 

Шыңғыс Қалиден, тілші:

– Талдықорған-Өскемен бағытындағы автомагистральдің 210 шақырымында тұрмыз. Мұндағы мамандар тас төсеп жатыр. Осының үстінен асфальт салынады. Жалпы құрылыс жұмыстары екі кезеңге жоспарланған. Алғашқысында, яғни биылғы жылдың соңына дейін жолдың 49 пайызына асфальт төсеп, құрылысын бітіреді. Ал қалған Таскескенге дейінгі бөлігі келесі жылдың соңына дейін аяқталмақ.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы