386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмолалық мамандар АӘК-ке өтініш білдірген әрбір отбасын тексерістен өткізуде

  • 180
  • UPD: 21:17, 22.07.2019
Ақмолалық мамандар АӘК-ке өтініш білдірген әрбір отбасын тексерістен өткізуде

Жыл басынан бері Ақмола облысының Жақсы ауданындағы 27 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сәуір айынан өзгертілген жаңа форматтағы көмекті енгізу арқасында бұл көрсеткіш 200-ге жеткен. Қазіргі уақытта аудандық учаскелік комиссия жұмысы қызу жүріп жатыр. Мамандар өтініш білдірген әрбір отбасын тексерістен өткізуде. Мысалға көктемде тиісті құжаттарын тапсырған Олеся Маглышева 6 балаға жәрдемақы алып отыр. Оның айтуынша, осы мемлекеттік бағдарлама арқасында ол өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік алған.

Олеся Маглышева, Запорожье ауылының тұрғыны:

– Қазір мемлекет қолдау білдіріп отыр. Мен 6 балаға 134 мың аламын. Бұл көпке жетеді. Осыған дейін алған ақшамыз тіптен мардымсыз болатын.

Хабар 24 телеарнасы