386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бақытты отбасы» бағдарламасына кімдер қатыса алады?

  • 310
  • UPD: 22:05, 22.07.2019

Елімізде «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталып, сәтті жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жоба баспанаға мұқтаждардың басты мәселесін шешуге қаншалықты ықпал етеді? Бағдарламаға кімдер қатыса алады? Талаптары қандай?

Батыс Қазақстан облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасы басталды. 3 күн ішінде 30 адам құжаттарын алып келіп, банктерге жолдама алды. Жобаға қатысу туралы арызды мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасылар, толық емес және төрт немесе одан да көп баласы бар жанұялар, табысы 42500 теңгеден аспайтын жанұялар бере алады. Биылғы жылы облыс бойынша 260 өтінішті рәсімдеу жоспарлануда, бағдарлама 7 жылға созылады. Жылына 2% мөлшеріндегі несие 20 жылға беріледі, егер банк талаптарына сәйкес отбасылық кіріс несие алу үшін жеткіліксіз болса, онда кепіл ретінде таныс немес туысыңызды тартуға болады.

Ақсұлу Ғұмарова, қала тұрғыны:

– 2006 жылдан өзім отбасы түгел емес деп тұрдым, ал балам мүгедек. Балам қазір 18-ге толуға қалды, кезегім дұрыс жылжымай жатыр, қазір «Бақытты отбасы» бағдарламасымен Жилстройға жіберіп жатыр.

Қанат Өмірәлиев, қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

– Бірінші тұрғын үй кезегінде болуы міндетті осы 3 санат бойынша. Екіншісі - төлемдік қабылеттілігін банк анықтау керек. Үшіншісі, бізде займ беріп жатыр, банк арқылы 10 миллионнан көп емес. Мысалға келетін болсақ, ол кісі бізден жолдама алып банкке барып, төлемдік қабілеттілігін анықтап, өзіне 7 млн тенгенің үйін тапқан жағдайда 700 мың тенге бастапқы жарна салады, және осы үйді банк арқылы рәсімдейді.

Бағдарлама арқылы баспананы көп қабатты үйлерденнемесе жер үйден де алуға болады. Тек құны 10 млн. теңгеден аспаса болғаны. Қазірдің өзінде Орал қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне кеңес алуға келгендер кезек күтіп жүр.

Атырау облысында да «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру шаралары басталды. Берілетін қаржы көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларына 15 млн, ал басқа аймақтарға 10 млн теңгеге дейін.

Мұрат Иғалиев, облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

– Жалпы бағдарлама бойынша 2,5 млрд теңге бөлінген Атрау облысына. Енді бұл бағдарлама облыстың қалалары бар, аудандары бар бәріне де тапсырма берілді жергілікті атқарушы органдар арқылы бұл жұмыс басталады. Бірінші кезекте бұл бағдарламаның мақсаты белгіленген категориядағы тұрған адамдардың кезек санын азайту жөнінде.

Қазір мұнайлы өлке Атырау облысында аталған бағдарлама бойынша тізім жасақтау шаралары басталды. Жалпы қазір аймақта бұл санатқа кіретін және кезекте тұрған 8505 тұрғын бар. Басымдық осы жанұяларға берілмек.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Бекен Әлирахым, Аслан Иса

Хабар 24 телеарнасы