386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында зиянды қалдықтар үшін айыппұл мөлшері өседі

  • 130
Қарағанды облысында зиянды қалдықтар үшін айыппұл мөлшері өседі iacoos.gov.kz

Қарағанды облысында экологиялық заңнаманы бұзуға қатысты жыл басынан бері 2 миллион 871 мың теңге айыппұл өндірілді.

Еліміздегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындары бар аймақ бүгінде ең лас саналады. Жылына ауаға 600 мың тонна зиянды зат бөлінеді. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы 14 миллиард теңгеге тең. Ал оның екі миллиарды ғана экологиялық бағдарламаларға жұмсалады. Тұрмыстық қалдықтар бойынша да жағдай көңіл көншітпейді. Облыстағы 202 полигонның бар-жоғы 39-ы ресми түрде жұмыс істеп тұр.

Қанат Мұсапарбеков, Экология департаментінің басшысы:  

– Тұрмыстық қалдықтарды, пешті жылыту жүйелерін заңсыз жинау бойынша өтініштер келіп түсті. Теміртау қаласының тұрғынынан металлургия кәсіпорнынан тыс жатқан жасыл аумақ ластанды деген хабар жеткен. Біз бәрін дереу анықтап, тиісті шаралар қолдандық.

Хабар 24 телеарнасы