386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украиналық сарапшы: Электрондық үкіметті дамыту арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге болады

  • 135
Украиналық сарапшы: Электрондық үкіметті дамыту арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге болады

Электрондық үкімет жүйесін жетілдіру – Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерілген мәселе.

Статистикалық ақпаратқа сай, портал қолданушыларының саны 6 миллионнан асқан. «Қазақстан электронды үкіметін жетілдіру арқылы қағазбастылықтан құтылып, жемқорлықпен күреседі», – деп пікір білдірді Александр Завгородний. Халықаралық «Экспро» сараптамалық компаниясының экономист маманы портал кіші және орта бизнес үшін де өте қолайлы екенін айтады. Қандай да бір қағазды шенеунік алдында бармай, дербес шешу уақытты да үнемдейтіні рас. Атап өту керек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке сервисті жақсарту және портал қолданудың тиімділігін арттыруды тапсырған болатын.

Александр Завгородний, халықаралық «Экспро» сараптамалық компаниясының экономист маманы:

– Электрондық үкіметті дамыту арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге болады. Бір демалысқа бару үшін адамдар қанша қағаз жұмсайды, мұның бәрі электронды түрде болса тіптен жақсы. Бизнес үшін де тиімді, қандай да бір қағазды ұзақ күтпей, шаруасын жылдам шешуге жақсы мүмкіндік туады.

Хабар 24 телеарнасы