386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда қызмет бабында қаза тапқан Ботагөз Бижановаға мемориалды тақта орнатылды

  • 153
  • UPD: 10:04, 23.07.2019

Көкшетауда еліміз бойынша қызмет бабында қаза тапқан жалғыз әйел полицейдің құрметіне мемориалды тақта орнатылды, деп хабарлайды «Хабар 24.

Ботагөз Бижанова 2001 жылы медициналық қызмет көрсету мекемесінің басшысы бола тұра, мемлекет қаржысын жымқырған госпитальдің бас есепшісін әшкерелеу ісіне араласқан. Осы орайда өз үйінің подъезінде оған қылмыскер тапаншадан оқ атқан. Ауруханаға түскен ол 5 күннен кейін көз жұмады. Мемориалды тақта батырдың өзі қызмет еткен облыстық полиция департаменті емханасының қабырғасына қойылды. Аталмыш шара Ботагөз Мағазқызының туған күніне орайластырылды.

Динара Мәкенова, Ботагөз Бижанованың қызы:

Біз үшін ерекше күн. Көзі тірі болса анам 58 жасқа толар еді. Ерлігін ұмытпай, құрмет көрсетіп жатқан әріптестеріне үлкен алғысымды білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы