386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бірнеше елдің палуандары күш сынасты

  • 139
  • UPD: 07:57, 23.07.2019
Алматыда бірнеше елдің палуандары күш сынасты

Бірнеше елдің палуандары Алматыда күш сынасты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алып күш иелері, 40 градус ыстықта 17 тонналық ауыр жүк көлігін сүйреп, жарысты. Әлемнің бірнеше елінен бас кубокты жеңіп алуға келген палуандар намысты қолдан бермеуге тырысты.

Бұл палуандардың салмағы 105 келіден аспайды. Бірақ олардың қолында әрқайсысы 150 келі тартатын ауыр чемодан бар. Ол жерге түссе, асфальттың күл-талқан болары анық. Міне, осы жүкпен олар 30 метр қашықтықты жүгіріп өту керек.

Бруно Замбилонзик, палуандар сайысының Франция чемпионы:

- Менің жасым 49-да. Бірақ жасыма және жарақаттарыма қарамастан, мен мұндай сайыстардан бас тартпаймын. Себебі, бұл нағыз адреналин.

Палуандар сайысының ең маңызды кезеңі 17 тонналық ауыр жүк көлігін 20 метр жерге дейін сүйреп бару. Бұл сайыста алып күш иелерінің әрбір бұлшықеттері іске қосылады. Қолдары қиылып, өздері қиналып кетсе де, палуандар намысқа тырысып бақты. Жарысқа қатысушылардың ең жасы, қазақстандық Андрей Мельниковтың айтуынша, мұнда тек қара күш қана емес, ақыл да керек.

Андрей Мельников, күш сайысы бойынша Қазақстанның екі дүркін чемпионы:

Мұндай сайыста сондай-ақ есеп керек. Егер де көліктің алдына тұрып, оны сүйрейтін болсаң, ол жүрмейтіні анық  Көлікті 45-30 градусқа бұрып аяқ пен қолыңа бірдей күш түсіріп сүйресең ғана нәтиже болады.

Алматыда алғаш өткен палуандардың әлемдік кубогында Ресей, Чехия және Қазақстанның ауыр атлеттері үздіктер қатарынан көрінді. Жерлесіміз Андрей Мельников, 23 жасында халықаралық деңгейдегі сайыстың қола медалін иеленді.

Авторлары: Алуа Маханбет, Александра Салмина, Эдуард Кон

 

Хабар 24 телеарнасы