386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы құрылыс жұмыстары көрсетілген мерзімде аяқталмақ

  • 185
  • UPD: 11:58, 23.07.2019
Арыстағы құрылыс жұмыстары көрсетілген мерзімде аяқталмақ DKnews

Арыстағы тұрғын үйлер мен бизнес нысандарының басым бөлігінің құрылысы 1 айдан соң аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі кезде онда 250-ден астам компанияда 10 мыңнан астам жұмысшы істеп жатыр. Құрылысқа ешқандай кедергі жоқ. Барлығы көрсетілген мерзімде бітеді деген жоспар бар. Бүгінгі таңда 100-ден аса үй қайта салынып жатыр.

Сондай-ақ брифингте елордадағы жеңіл транспорт құрылысының жалғасатындығы да айтылды. 24 шілде күні Астананың дамуына қатысты мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Жиында жобаға қатысты мәселелер қайта қаралып, қаржыландыру мен оны үнемдеу тетіктері сараланады.

Хабар 24 телеарнасы