386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы ауылға барған дәрігерге 1,5 млн теңге төленеді

  • 180
  • UPD: 13:40, 23.07.2019
Түркістан облысындағы ауылға барған дәрігерге 1,5 млн теңге төленеді

Түркістан өңіріндегі ауылдық жерге барған жас дәрігерлердің әрқайсысына бір жарым млн теңгеден төленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті әкімдік денсаулық сақтау саласында тапшы мамандар санын осылай толтыруды ұйғарған. Бүгінде осы аймақтағы емдеу мекемелерінде 350 дәрігер жетіспейді. Әсіресе, реаниматолог, педиатр мен анестезиологтардың қызмет орны әлі күнге бос тұр. Ендігі кезекте өзекті мәселенің оң шешімін тапқаны ауылдықтарды қуантып тастады. Айта кетейік, ауылға қоныс аударған жас маманның баспана алуы үшін бюджеттік несие мен 176 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі. Жыл басынан бері мұндай мүмкіндікті 26 жас отбасы пайдаланған.

Мұқан Егізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Ауылға көшіп барған дәрігердің үй салып не сатып алуы үшін 3 млн 787 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие қарастырылған. Бұл қаражат біздің өңірде баспанаға қол жеткізу үшін жеткілікті. Мамандар тапшылығына келсек, жалпы тәжірибелік дәрігерлер санаты толық. Ал педиатр мен реаниматологтарға әлі күнге сұраныс жоғары.

Хабар 24 телеарнасы