386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Телефонға қауіпсіздік сертификатын орнату әркімнің өз еркі – Министр

  • 210
  • UPD: 18:56, 23.07.2019

Қауіпсіздік сертификатын орнату әр адамның өз еркінде. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев журналистерге мәлімдеді.

Есесіне атқамінердің өзі бұл сертификатты ұялы телефонына жүктеп үлгермепті. Министрдің айтуынша, бұл балаларды зиянды контенттен шектеп, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Дәлірек айтқанда, азаматтардың порнографиялық, экстремистік һәм террорлық сайттарға кіруіне жол бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада байланыс операторлары абоненттерге интернетке шығу мүмкіндігі бар барлық құрылғыға қауіпсіздік сертификатын орнату қажеттігі туралы смс-хабар жібере бастады.

Асқар Жұмағалиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Егер балаларыңыздың қауіпсіздігіне алаңдасаңыз, бұл сертификатты орнатыңыз. Бұл сізге қажет емес десеңіз, ешкім сізді мәжбүрлемейді. Бұл ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жүйе. Өйткені бүгінде сайттарға сан алуан кибершабуылдар жасалып жатыр. Әртүрлі вирустар және бар.

Хабар 24 телеарнасы