386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде әскерилерге арналған қалашық тұрғындары мекен-жайлық тіркеуден шығып қалды

  • 140
  • UPD: 21:18, 23.07.2019

Өскемендегі әскери қалашықта тұратын кейбір тұрғындар тіркеуден автоматты түрде шығып қалған. Бүгінге дейін 180 адамның тұрғылықты жері бойынша тізімнен шығарылғаны анықталды.

Басты себеп  бұрынғы әскерилер тұрған  пәтерлерді қорғаныс министрлігі қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының қарамағына беру туралы шешім қабылдаған. Осы кезде пәтер иелері де тіркеуден біржола шығарылған. Ал тұрғындар енді пәтерсіз қаламыз ба деп алаңдап отыр.

Жергілікті тұрғындар жаңа Ахмер деп атап кеткен қалашықта негізінен әскерилер тұрады. Жеке жылыту орталығы, мектеп пен  балабақша және емханасы бар. 1990 жылдан  бастап осы шағын қалашықтан  әскерилерге қызметтік пәтерлер беріле бастады. Олар өздері қызмет ететін  бөлім бойынша  тұрақты  тіркеуде тұрған. Алайда биылдан  бастап, Қорғаныс министрлігі  әскери қалашықтағы баспаналарды қаланың балансына өткізу  туралы шешім қабылдаған. Осы тұста  тұрғындар да тіркеуден шығарылған.

Ольга Голяшова, Жаңа Ахмер кентінің тұрғыны:

- 1996 жылдан бері тұрып келе жатқан өз пәтерімнен тіркеуден шығап қалғанымды, ұялы телефонымның нөмірін қалпына келтірейін деп барғанда ғана білдім. Одан соң анық-қанығын  білсек бұрынғы әскерилердің бәрін тіркеуден шығарыпты. Мені, балаларымның  бәрін.

Тіркеуден шығарылғандардың барлығы да бұрынғы әскерилер. Қызметтік пәтерде тұрып, зейнетке шыққан соң баспананы жекешелендіріп үлгірмеген. Олар әскери бөлімінің еш ескертусіз тіркеуден шығарып тастағанына  қынжылып отыр.

Ольга Шаповалова, Жаңа Ахмер кентінің тұрғыны:

- Тіркеуден шығып қалғанымды аяқ астынан білдім. Жалпыға ортақ хабарлама іліп қойыпты. Жүрегім тоқтап қала жаздады. Осындай себеппен тіркеуден шығардық деп түсіндіруге болады ғой?!

Тіркеу мәселесін қалалық көші-қон полициясының мамандары түсіндірді. Ешбір тұрғын айыппұлсыз қайта тіркеле алады. Тек сол пәтердің заңды иесінің рұхсаты ғана керек. Пәтер мемлекеттік меншік болса, қай органның қармағанда сол мекемеден жазбаша келісім керек. 

Гүлжан Уәлиева, қалалық көші-қон полициясының инспекторы:

- Тұрақты тіркеуге тұру үшін пәтер иесінің рұқсаты  керек. Егер де заңды тұлға болса, онда жазбаша келісімі керек. Сол құжат бойынша тұрақты тіркеуге тұрғыза аламыз.

Бүгінге дейін тіркеуден 185 адам шыққаны  анықталды. Олардың бәрі де пәтерлерін жекешелендіріп үлгірмеген зейнеткерлер. Қалалық тұрғын үй қатынасы бөлімінің мамандары да әрбір пәтер иесі құжатын өткізсе мәселені реттеуге дайын.

Авторлары: Олжас Керейхан, Аслан Төлепов

Хабар 24 телеарнасы