386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлықтар депутаттарға арнайы көлік ережесі туралы сауал жолдамақ

  • 188
  • UPD: 21:18, 23.07.2019

Қостанайда жыл басынан бері жедел жәрдем көлігінің қатысуымен үш жол апаты тіркеліп, бес адам жарақаттанған.

Оқыс жағдайлар темір тұлпарлардың жол бермеуінен туындап жатады. Дегенмен, науқасты ауруханаға жеткізуге асыққан жедел жәрдем жүргізушілерінің де кінәсін жоққа шығаруға болмайды. Дабыл шамшырақтарын жаққан олар да жол ережесін өрескел бұзып жатады.

Бұл жол апаты облыс орталығында жақында тіркелген. Көше қиылысынан  өтпек болған жедел жәрдем көлігі Хаммермен соқтығысып, бір жақ бүйіріне аударылып қалды. Оқиға салдарынан 4 адам зардап шекті. Сотқа дейінгі тергеу апатқа медициналық көліктің жүргізушісі кінәлі екенін растаған. Ол жолдың бос екеніне көз жеткізбепті. 

Бейбітхан Байтақов, қалалық ІІБ взвод командирінің орынбасары:

- Бағдаршамның қызыл түсі жанғанда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзге көліктердің оған жол бергеніне көз жеткізуі тиіс. Содан соң ғана қозғалуына әбден болады. Керісінше жағдайда өздері кінәлі саналады. 

Ал жедел жәрдем көлігін тізгіндеушілер болса жүргізушілердің мәдениеті  төмен деп отыр.Дабыл шамшырақтарын қосып, белгі берілсе де жол беруге асықпайтындар баршылық дейді. Заң жүзінде арнайы көліктерге жол ұсынбайтындар 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

Абылай Оташев, жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі:

- Жол ережесін бұзуға тура келеді бізге. Себебі біздің негізгі ойымыз адамды аман-есен ауруханаға жеткізуіміз керек. Біздің бүкіл ойымыз сол болады.

Арнайы акция барысында әрбір жедел жәрдем көлігіне жол полициясы  экипажы бекітілді. Олар жолда кезіккен көліктерді тоқтатып жүргізушілерге жол ережесіне қатысты үнпарақтар үлестірді.

Денис Морар, көлік жүргізушісі:

- Мен әркез жол ережесін сақтаймын. Әсіресе дабыл шамшырақтары жанған көлік келе жатса жылдамдықты баяулатып жолдың оң жақ шетіне тоқтаймын. Жол беремін. 

Дегенмен, қостанайлықтар еліміздегі жол тәртібін жетілдіруге қатысты депутаттық сауал жолдамақ. Оладың пікірінше, арнайы көліктерге жол беру ережесін қатаңдату қажет. 

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы