386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алматы-Маңғыстау» пойызының құрамы жаңа вагондармен толықты

  • 181
  • UPD: 21:19, 23.07.2019

«Алматы-Маңғыстау» бағытындағы пойыздың құрамы жаңа вагондармен толықты. Отандық «Тұлпар-Тальго» зауытында ресейлік технологиямен жасалған 25 жаңа вагонға мінген жолаушылар салтанатты жағдайда жолға шықты.

3 мың шақырымды 56 сағатта жүріп өтетін «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы пойыз еліміздің батысын Оңтүстік Астанамен байланыстырады.  Бұрын, тозығы жеткен вагондар ұзақ жолдың азабын арттыратын еді. Енді, соңғы технологиямен жасалған жайлы вагондар жолаушылар игілігіне қызмет ететін болады.

Қалия Ошқалова, жолаушы:

- Бұрынғы жағдайдан мына қазіргі жағдайымыз өте жақсы. Бұрынғы жағдайдан мына қазіргі жағдайымыз өте жақсы. Бұрын жүретін едік, бірақ сәл шаршаңқырап баратын едік, мына пойызымыз өте жақсы.

Зульфия Юлдашева, жолаушы:

- Бұрын да мініп жүретінбіз. Мына жаңа пойызға бүгін мініп, көңіліміз көтеріліп, бір тамаша болып отырмыз.

54 жатын орны бар жаңа вагондар салқындатқыш құралдармен, ауа тазартатын сүзгімен жабдықталған. Сондай-ақ соңғы үлгідегі бақылау камералары, өрт сөндіру құралдары, артық су қоры әр вагонда орнатылған. Мамандардың айтуынша, бұл вагондар 40 жылға дейін қызмет етеді.

Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

- Әлеуметтік маңызды бағыттарда қатынайтын жолаушыларға барынша жайлылық қамтамасыз ету мақсатында  «Жолаушылар тасымалы» компаниясы бірқатар мемлекеттік органдар мен БРК лизингпен бірігіп үлкен жұмыс атқарды. Бүгінгі жаңа вагондар сол жұмыстың нәтижесі.

«Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы басшылығының айтуынша, аталған бағытқа жыл соңына дейін тағы 23 жаңа вагон қосылады.

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Ерлан Әбжанов

Хабар 24 телеарнасы