386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста құрылысшылар 300-ге жуық көп қабатты үйді бұзады

  • 132
  • UPD: 21:20, 23.07.2019

Арыс қаласындағы 300-ге жуық көп қабатты үй бұзылады. Олар қалпына келтіруге жарамсыз, сондықтан жаңадан салу туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта шаһардағы 1870 ғимарат жөнделді, қалған нысандарда жұмыстар әлі жалғасып жатыр. Облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының мәліметінше, 100 мың теңге көлемінде өтемақы алу үшін 60 мыңнан астам тұрғын өтініш білдірген. 49 мың азаматтың мекенжайы Ішкі істер министрлігі тарапынан расталды.

Айта кетейік, екі мыңнан астам арыстық оқушы еліміздегі лагерьлерде демалып жатыр. Қоймаларда сақталған 800 мың тонна азық-түліктің 80%-ке жуығы жергілікті тұрғындарға үлестірілді. Бүгінде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар тиісті көмек алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы