388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда өртенген көп қабатты үйдің шатыры қалпына келтірілді

  • 278
  • UPD: 21:57, 23.07.2019

Тараздағы 5-ықшам ауданда өртенген көп қабатты тұрғын үйдің шатыры қалпына келтірілді.

Естеріңізде болса, мамыр айының соңында тілсіз жау 1200 шаршы метр аумақты шарпып, баспананың төбесі тұтастай жанып кеткен болатын. Құтқарушылар тілсіз жаумен 3 сағатқа жуық арпалысты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Үйдің пәтерлері де дін аман. Жалын бүлінген шатырды жөндеуге қала қазынасынан 37 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.  

Ғазиз Ералиев, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Тұрғын үйдің шатыры 25 тәулікте толық қалпына келтірілді. Комиссия нысанды тексеріп, қабылдап алды. Атқарылған жұмыстарды айғақтайтын хаттамаларға қол қойылды. Шатырдың кепілдік қолданыс мерзімі 3 жыл. Оған теледидар антенналарын ілуге болмайтыны туралы тұрғындарға ескертілді.

Хабар 24 телеарнасы