386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы тұмса табиғат туристерді қызықтырып отыр

  • 126
  • UPD: 22:38, 23.07.2019

Қостанай облысындағы Науырзым қорығы туристерді алуан түрлі өсімдік әлемімен, сирек кездесетін аң-құстарымен қызықтырады.

Бірегей табиғи кешенге келушілер соңғы жылда екі есеге артқан. Отбасылық демалыс пен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Наурызымға алыс шет елдерден ат шалдыратындар аз емес. Байырғы қалпында сақталған табиғат алабында біздің тілшіміз де болып қайтты.

Бізде жыртқыш құстардың 24 түрі мекендейді. Міне ана жақтарда тұрған көкқұтан, аққұтан осының бәрі біздің территориямызда мекендейтін құстар.

Науырзым қорығына келген адамдарды алдымен музейге апарады. Мұнда жергілікті тұмса табиғаттың бай әлемі барынша көрініс тапқан. Содан кейін туристер алдын ала анықталып қойылған бағыттар бойынша қорықтың қызықты, көрікті деген жерлерін тамашалайды.

Мағауия Қалиев, тілші:

- Орман алқабының мына бір тұсы экологиялық дәліз деп аталады. Бұл жердің бір ерекшелігі  терек, қайың ағаштары аралас өскен. Ұзындықтары 30-40 метрге дейін жетеді. Және олардың ұштары күмбез іспеттес бір-бірімен байланысып жатыр.

Қанат Батырханұлы, Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары:

- Ең қызығы, бұл қорықтың бізде мекен ететін аңдар мен құстарымыз. Орманда ұя басатын бүркіт, қарақұс, аққұйрық су бүркітін, ителгіні көреміз деп, соның ұясын көріп, қалай балапандарына тамағын әкеліп беретінін, қалай аңшылыққа шығатынын көреміз дегендер өте көп туристер.   

Жылына қорыққа мыңға жуық адам туристік сапар шегеді екен. Олар түстеніп, түнейтіндей жол бойында қонақ үйлер бар. Ал жабайы табиғатқа жақын болғысы келетіндерге шатыр, көрпе-қап  беріледі. Жыл сайын Науырзымға ат ізін салуды әдетке айналдырған тұрақты туристердің бірі германиялық кәсіби фотограф Торстен Прел.

Торстен Прёл, фотограф /Германия/:

- Бұрынғы қалпында сақталған әсем табиғатты тамашалағысы келетіндерді ұсақ-түйек тұрмыстық жағдай тоқтата алмайды. Мұнда тіпті терең ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

Экологиялық туризмді тартымды ете түсу үшін қазір қорық аумағындағы көлдер тазартылып, жағайжайлар жабдықталып жатыр. Сондай-ақ туристерді тасымалдауға өтімділігі жоғары, жайлы автобус алсақ деген ойлары бар.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы