386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысына қарасты Жақсы елді мекенінде 27 пәтерлі үй салынып жатыр

  • 121
Ақмола облысына қарасты Жақсы елді мекенінде 27 пәтерлі үй салынып жатыр

Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл 260 мың шаршы метр тұрғын үй берілді.

Тұрмысы төмен отбасыларға 2 мыңнан аса пәтер кілті табыс етілді. Баспаналы болғандардың ішінде Жақсы ауылының тұрғындары да бар. Қазіргі таңда елді мекенде мемлекеттік бағдарлама аясында 27 үй салынып жатыр. Мамыр айында басталған құрылыс жұмыстарының 30% аяқталды. Жобаға қажетті 250 миллион теңге республикалық және облыстық бюджеттен бөлінді. Мердігер мекеме жыл соңына дейін тұрғын үйді тапсыруды жоспарлап отыр. Баспанаға көп балалы отбасылар, жетім және мүмкіндігі шектеулі жандар қоныстанатын болады. Жалпы Жақсы ауданы бойынша 200 мыңдай адам тұрғын үй кезегіне тіркелген.

Мұғал Ташбаев, құрылыс аумағының басшысы:

– Бірінші қабатты жауып өттік. Екіншісін бітіруге жақынбыз. Материал, құрылыс заттардың бәрі осы Қазақстанда шығады.

Дәулет Көшеғұлов, Жақсы аудандық құрылыс бөлімі басшысының м. а:

– Ендігі жылы біздің жоспарымызда тағы да 27 пәтерлі үй салу үшін сметалық құжаттама әзірленген. Ол үйлер әлеуметтік осал халыққа беріледі.

Хабар 24 телеарнасы