386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырау облысында малдағы жұқпалы ауруларға қарсы күрес күшейді

  • 136
Атырау облысында малдағы жұқпалы ауруларға қарсы күрес күшейді

Атырау облысында қойшешектен қырылған ұсақ мал үшін шаруашылыққа мемлекеттен өтемақы төленетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыз-мамыр айларында асыл тұқымды қой зауытынан 2000-нан астам мал жұқпалы аурудан қырылды. Салдарынан шаруашалыққа 37 млн теңге шығын келді. Осыған орай арнайы комиссия құрылып, іске кіріскен болатын. Күні бүгін облысқа 1млн 658 доза вакцина жеткізілді. Мал дәрігерлері қойшешектен өзге де мал арасында кездесетін 9 түрлі жұқпалы ауруға қарсы егуге кірісті.

Азамат Айтқалиев, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

– Осы шешім негізінде жергілікті ветеринар мамандардан құралған комиссиясымен мал басын анықтау жұмыстары жүргізіледі. Және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру мәліметтерімен сәйкестендірілген соң, тиісті құжаттары өкілетті органдарға ұсынылады. Республикалық бюджеттен тиісті өтемақы мал иелеріне төленетін болады.

Хабар 24 телеарнасы