386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайтын болды

  • 241
  • UPD: 18:29, 24.07.2019
Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайтын болды Альянс ТIРЕК

Семей қалалық №2 соты «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені қарастырған болатын.

Сот Жәкішевтің өтінішін қанағаттандырған жоқ. Судьяның айтуынша, ол иемденген 99 млрд теңгені мүлде қайтармаған.

Ол 2009 жылы қамауға алынып, екі процесс нәтижесінде жемқорлыққа байланысты 14 жылға түрмеге тоғытылған. Жәкішев жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуде және босатылған соң да жеті жылға дейін мемлекеттік қызметке орналаса алмайды. Ол ҚР ҚК 176-бабы бойынша айыпталған.

Мұхтар Жәкішев 2018 жылдың қараша айында да шартты түрде мерзімінен бұрын босатылу туралы өтініш берген. Ол кезде де Семей соты Жәкішевтің 99 млрд теңге көлемінде шығынды өтемегені үшін өтінішін қанағаттандырмаған.

Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсековтің сөзіне қарағанда, ол – ІІІ топтағы мүгедек, еңбекке қабілеттілігі 50 пайызға төмендеген. Бүгінгі таңда М.Жәкішев абақтыда 10 жыл 2 ай 3 күнін өтеген.

Осы уақыт аралығында кездесу құқығынан айырылған.

Хабар 24 телеарнасы