385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 700 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын

  • 116
Елордада 700 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын

Нұр-Сұлтан қаласында 700-ден астам көппәтерлі тұрғын үйлердің жаңа жылыту маусымына дайын.

Бұл туралы Елорда Инфо Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына сілтеме жасап хабарлады. 

Басқарма 728 көппәтерлі тұрғын үйге тексеріс жүргізіп, жылу маусымына техникалық дайындығын растайтын актілерін алған. Бұл қаладағы тұрғын үй кешендердің 30% құрайды.  

«Аталған мәселеге байланысты «Алматы» ауданы бойынша – 233, «Есіл» ауданы бойынша – 17, «Сарыарқа» ауданындағы 335 көппәтерлі үйге тексеру жүргізілді. «Байқоңыр» ауданындағы 143 тұрғын үй жаңа жылыту маусымына дайындығы расталды, – деді «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-нің басшы орынбасары Оксана Ибраева.

Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласындағы 2574 көппәтерлі тұрғын үйлер орталық жылу беру жүйесісіне қосылған. Басқарма тарапынан күн сайын қаладағы барлық тұрғын үйлерге «Жылыту, желдету және кондициялау» ҚР нормативіне сәйкестігіне тексеріс жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы