385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сот М.Жәкішевті мерзімінен бұрын босатуды қарастырып жатыр

  • 227
  • UPD: 15:37, 24.07.2019

Семейде бүгін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы шешім қабылданады деп күтілуде.

Сот процесі бейнеконференция режимінде өтеді. Оны қолдауға ондаған адам келді. Өз сөзінде адвокат Нұрлан Бейсекеев, Жәкішевтің мерзімін өтеу кезінде оң мінез-құлқымен сипатталатынын және қазір ауыр сырқатқа шалдыққанын атап өтті. Елу процент еңбекке қабілеттігінен айырылған, үшінші топ мүгедегі əрі артериалды гипертензияға шалдыққан. Ол туыстарымен кездесу жəне сәлемдеме қабылдау құқығынсыз камералық жағдайда 8 айдан астам уақыт қамауда болды. Материалдық шығынды өтеуге келетін болсақ, адвокаттың айтуынша, Жəкішов «Қазатомөнеркәсіптің» 200 миллиард теңгеден астам активтерін өтеген. Колония әкімшілігі Жәкішевтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қолдады. Естеріңізге сала кетейік, Мұхтар Жәкішевті сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені және сыбайлас жемқорлық үшін 2010 жылы 14 жылға сотталды. Бүгінгі күні ол 10 жыл және 2 ай мерзімді кейінге қалдырды. Жəкішевке қатысты сот үкімі бүгін сағат 17.00 де оқылады.

Хабар 24 телеарнасы