386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьерлер жаралаған қорықшының жағдайы белгілі болды

  • 196
  • UPD: 13:38, 24.07.2019

Ақмола облысында заңсыз аң аулаушылардың қолынан жараланған қорықшы Самат Оспанов Жарқайың ауданынан тікұшақпен Көкшетаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Енді оған аймақтың білікті дәрігерлері көмек көрсетеді. Бір қуантарлығы, зардап шеккен азаматтың өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Дәрігерлер оның жағдайын бірқалыпты деп бағалап отыр. Айта кетейік, 1975 жылы туған табиғат қорғау инспекторы қызмет бабында бәзбіреулердің қолынан жараланған болатын. Ал оның әріптесі Қаныш Нұртазинов мылтық оғынан қаза тапты.

Дмитрий Чайков, облыстық аурухана бас дәрігері орынбасары:

– Науқастың жағдайы орта деңгейде ауыр деп бағаланып отыр. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Пациент травмотология бөлімшесінің арнайы палатасына жатқызылды. Есік алдына күзет қойылды.

Хабар 24 телеарнасы