386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында учаскелік инспекторларға жаңа қызметтік көліктер берілді

  • 202
  • UPD: 13:19, 24.07.2019
Жамбыл облысында учаскелік инспекторларға жаңа қызметтік көліктер берілді

Жамбыл облысының учаскелік инспекторлары жаңа қызметтік көліктерге ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшыларына салтанатты түрде 131 патрульді автомобильдің кілттері табысталды. Бұл игілікке облыс бюджетінен 400 млн теңге бөлінген. Темір тұлпарлар алдымен 7 ауданға үлестірілді, қалған учаскелер келесі жылы қамтылмақ. Осылайша, полицейлерді қызметтік көлікпен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Мамандардың айтуынша, материалдық-техникалық базаны нығайту тәртіп сақшыларының жұмыс сапасын жақсартады. Айта кетейік, соңғы уақытта аймақта қалтаға қол сұғу мен мал ұрлығы 20 пайызға азайған.

Арман Оразалиев, облыстық ПД басшысы:

– Тұрғындармен кездесу барысында ақсақалдардың зиялы қауымның полицияға қатысты бірнеше сұрақтары көтерілген болатын. Ең негізгі сұрақ – автокөліктердің жоқтығы. Осы сұрақ бір жылдың ішінде толығымен шешіліп жатыр. Қалған 30 пайызды келер жылы толығымен қамтимыз.

Хабар 24 телеарнасы