386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен АҚШ үкіметі туберкулез ауруымен бірлесе күреспек

  • 174
Қазақстан мен АҚШ үкіметі туберкулез ауруымен бірлесе күреспек

Соңғы он жыл ішінде елімізде туберкулезбен ауыратындар саны 2 есеге кеміді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша Қазақстан өкпе ауруымен жүйелі түрде күрескен мемлекеттердің қатарына қосылды. Тіпті дертті дер кезінде анықтап, емдеу мақсатында шет елдермен ынтымақтастық ортанып, емханаларға озық үлгідегі құрылғылар орнатып келеді. Соның бір дәлелі, бүгін АҚШ елшілігі туберкулезбен бірлесе күресу мақсатында Қазақстанға заманауи үлгідегі 50 аппарат табыстады. Ол небәрі екі сағаттың ішінде адам ағзасында туберкулездің бар жоғын біліп қана қоймай, оның түрін анықтауға мүмкіндік береді. Заманауи құрылғы облыс орталықтарына және ірі аудандарға үлестіріледі.

Мәлік Аденов, фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығының директоры:

– Бұл аппараттар – ДССҰ ұсынысымен бүкіл әлемде енгізіліп жатқан аппараттар. Қазір елімізде осындай аппараттың 59 данасы бар. Қазіргі алатынымыз осы 50 аппарат АҚШ халықаралық дамыту департаменті ұсынып отыр. Бұрын біз қандай түрін қалай медеу керек деген сұрақтарға екі-екіжарым ай қорытындысын күтетінбіз. Бұл аппараттар сол зерттеудің уақытын қысқартып екі сағатқа әкеліп отыр.

Уильям Мозер, АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

– АҚШ пен Қазақстан үкіметі медицина саласында ынтымақтастық орнатып, бірлесе жұмыс істеп келе жатқанына жиырма жылдан асты. Бүгінде Қазақстанда туберкулезді дер кезінде анықтап, қажетті ем тағайындау маңызды. Біз Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, 2022 жылға дейін 40 миллион адамды өкпе ауруынан емдеу туралы мақсат қойып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы