386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 16 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

  • 146
ШҚО-да 16 мың бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

Шығыс Қазақстан облысында балабақша жасындағы 140 мың бүлдіршін бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 16 мыңы бөбекжай кезегінде тұр. Басым бөлігі Риддер, Өскемен және Семей қаласында. Кезек мәселесін шешу үшін атқарушы билік мемлекеттік және жекеменшік серіктестік тәсілін қолданып отыр. Соңғы үш жылда облыста кәсіпкерлердің қаржы салуымен 107 балабақша ашылған. Тек биылдың өзінде мектепке дейін тәрбие беретін 8 мекеме жұмысын бастады. Семей мен Өскемендегі кезекті толық жою үшін атқарушы билік бұл салаға кәсіпкерлерді көптеп тартпақ.

Сайрангүл Жұмәділова, облыстық білім басқармасының басшысы:

– Балабақшаларда кезекте тұрған балалардың саны Семей мен Өскемен қалаларында. Дегенмен 2 қалада тағы да жеке кәсіпкерлерді тарту мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Егер осы мәселелер шешілген жағдайда екі ірі қаладағы кезекке тұру мәселесі шешілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы