386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда 20 көп қабатты үйдің жеделсатысы ауыстырылып жатыр

  • 212
  • UPD: 13:40, 24.07.2019
Ақтауда 20 көп қабатты үйдің жеделсатысы ауыстырылып жатыр

Ақтаудағы 20 көп қабатты үйдің жеделсатысы жаңасына ауыстырылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар жаз мезгілі аяқталғанша, қолданысқа беріледі. Осы мақсатқа қала қазынасынан 160 млн теңге қаржы жұмсалады. Мамандар бұдан бөлек тағы 16 үйге озық үлгідегі лифті орнатуды жоспарлап отыр. Ол үшін бюджеттен қосымша 128 млн теңге бөлу мақұлданды. Жалпы Каспий жағалауындағы қалада тоғыз қабатты 178 тұрғын үй бар. Бұл баспаналарда 338 лифт жұмыс істейді. Басым көпшілігінің пайдалану мерзімі әлдеқашан өткен. Олардың күтіміне жауапты мекеме әр тоқсан сайын әкімдікке есеп береді. Осы мәліметтерге сәйкес биыл 36 лифтіні жаңалауға шешім қабылданған.

Қайрат Ақыбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

– Биылға жоспарлағанымыз 36 лифт еді. Қазіргі таңда біз жиырмасын ауыстырып, қосу-үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қалған он алтысына кешегі өткен сессиямен қаражаттар бөлінді. Жалпылама алғанда 20 лифтіге 160 млн, қалған 16 лифтіге 128 млн теңге қаражат қаралды. Жыл аяғына дейін толығымен 36 лифтіні ауыстыратын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы