386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


40 келілік киім киген павлодарлық жастар ЮНЕСКО-лық ғалымдарды таң қалдырды

  • 218
40 келілік киім киген павлодарлық жастар ЮНЕСКО-лық ғалымдарды таң қалдырды

Ертіс өңірінде әскери жаңғыру қозғалысы қарқын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсат – орта ғасырлардағы әскери өнерді қалыпқа келтіріп, дәл сондай жарыстарды өткізу. Ерекше клубтың дамуына жергілікті Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары серпіліс берді. Бүгінде ұйым мүшелері Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеттің жанында жаттығу мүмкіндігіне ие. Ал бұрынғы жауынгерлердің киім кешектерін қалпына келтіруге «Ақинақ» әскери реконструкциялау клубының зерттеушілері қолғабыс жасауда. Тартысқа толы жарыстарды тарихи орындарда өткізу игі дәстүрге айналған. Солардың бірі Сақ қорғандары ескерткішінің маңында өтті. 40 келілік киім киген жастар тыңғылықты дайындалып, ЮНЕСКО-лық ғалымдарды таң қалдырды. Айта кетейік, клубтың кіл мықтылары еліміздің намысын халықаралық деңгейде қорғайтын команданың құрамында. Алдағы уақытта әскери клуб өз шеберханасын ашып, ғалымдармен ортақ жұмыс атқармақ. Сонымен қатар ел қорғаған көшпенділердің әскери киімдерін қалпына келтіру қолға алынады.

Григорий Петрушкин, әскери-тарихи клуб жетекшісі:

– Ортағасырлық тарихи жорықтар – әлемдік спорт түрі. Бүгінде 40 құрама қатысатын халықаралық чемпионат бар. Сондықтан біз бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Жарыстар өткізіп, шеберліктерімізді шыңдауымыз қажет. Қорғаныс құралдарына, яғни киімімізге деген талап күшті. Мысалы, осындай киім жасау үшін арнайы болат, темір керек.

Хабар 24 телеарнасы