385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перзентханада көз жұмған ана өлімінен кейін 4 дәрігер жұмыстан шеттетілді

  • 184
  • UPD: 20:29, 24.07.2019
Перзентханада көз жұмған ана өлімінен кейін 4 дәрігер жұмыстан шеттетілді nvdaily.ru

Алматыда босанғаннан кейін қайтыс болған әйелге емдеу шараларын жүргізген 4 медициналық қызметкер жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері хабарлады. Мекеме баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 шілде күні 1990 жылы туған келіншек жүктіліктің 36-шы аптасында ауырып, қалалық перзентханаға түседі. Науқас тез арада жансақтау бөліміне жатқызылып, толық клиникалық-зертханалық тексерулер жүргізілген. Алайда, өкінішке орай, әйелді аман алып қалу мүмкін болмаған. Кесер тілігі арқылы босанған әйел көп уақыт өтпей өзін жайсыз сезініп, операция кезінде қайтыс болған. Қазіргі уақытта оның өліміне байланысты кешенді комиссия құрылып, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтауда. Ал марқұмның артында жаңа туған сәбиі мен тағы кішкентай екі баласы қалды.

Әсел Бисенбаева, қалалық көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары

Денсаулық сақтау министрлігі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті өкілдерінен тұратын комиссия кешенді тексеру жұмыстарын жүргізуде. Қайтыс болған әйелге емдеу шараларын жүргізген медицина қызметкерлері жұмыстарынан шеттетілді. Тексеру нәтижелері құқықтық баға берілу үшін қалалық полиция департаментіне жолданады.

Хабар 24 телеарнасы