386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Браконьерлердің қолынан жараланған қорықшыға операция жасалды

  • 166
  • UPD: 20:29, 24.07.2019
Браконьерлердің қолынан жараланған қорықшыға операция жасалды ntv.ru

Ақмола облысында заңсыз аң аулаушылардың қолынан жараланған қорықшы Самат Оспановқа бүгін операция жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны кеше кешкісін облыстық ауруханаға тікұшақпен алып келген болатын. Хирургиялық ем-шара да аталған емдеу мекемесінде жүргізілді. Кеуде тұсынан тиген мылтық оғы, иығына барып тұрып қалған. Дәрігерлердің айтуынша, операция 45 минутқа созылған. Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Ал табиғат қорғау инспекторларына оқ жаудырған күдікті кеше түнде ұсталды. Ішкі істер министрлігі берген мәлімет бойынша ол Арқалық қаласының тұрғыны.

Дмитрий Чайков, Ақмола облыстық көп салалы ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Қазір пациент палатаға ауыстырылды. Жағдайы орта деңгейдегі ауыр, бірқалыпты. Өміріне енді ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қан жоғалту да болмаған. Қазір ол есін біледі, сөйлей алады.

Хабар 24 телеарнасы