386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазпошталықтар» электросамокат тізгіндеп, уақыт үнемдеуде

  • 248
  • UPD: 20:30, 24.07.2019

«Қазпошта» пошташылары газет-журналдар мен хаттарды электросамокатпен тасиды.

Бұл пилоттық жобаның енгеніне көп бола қоймағанымен, нәтиже бере бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни, пошташылар жаз айларында кептелісте тұрмай, уақытын үнемдеп жүр.

Пошташы Ырысжан Ахметжанованың электросамокат тізгіндегеніне көп бола қойған жоқ. Бірақ лезде меңгеріп алған. Күнделікті газет-журналдар мен құжатты тапсырыс берушіге әдеттегіден жылдам жеткізіп жүр.

Ырысжан Ахметжанова пошташы:

- Электросамокат жеңіл болды. Уақытымыз тез өтеді. Тезірек жеткіземіз. Жеңіл. Өйткені жәй жүргенде сөмкемен ауырлау болады.

«Қазпоштаның» пилоттық жобасы жүзеге асса, электросамокат санын арттыру жоспарда бар», -дейді мамандар. Әзірге 10 пошташы хат-хабарды электросамокатпен тасиды.

Бағлан Оразбай, қалалық «Қазпошта» филиалы директорының орынбасары:

- Пошташы өзінің көрсетілген учаскесін, 5-6 сағатта барып келетін болса, бүгінгі күні ол 1,5 сағатқа үнемделді. Яғни, біз бір жарым сағатқа уақытты ұтып жатырмыз. Және де пошта жөнелтілімдерін, хат-хабарларды апару жылдамдатылды.

Бұл экологиялық көлік -  Қазақстанда жасалған. Оны қазпоштаның қалалық филиалы электросамокат құрастыратын компаниядан жалға алып отыр. 

Әйгерім Есқараева, электросамокатты жалға беру компаниясының өкілі:

- Электросамокаттар Атырау қаласында жиналады. Басында тек сатумен айналыстық, қазір оны өзіміздің зауытта құрастырамыз. Бұл Қазақстанда жасалған самокаттар.

Пошташылардың колындағы сағатқа GPS жүйесі қосылған. Олардың жүріп-тұрғанын арнайы бағдарлама арқылы бақылап отырады. Пилоттық жоба пошташылардың уақытын үнемдеймен қатар пошта жөнелтілімдерін дер кезінде жеткізуге сеп болған.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Әнуар Тәуекелов

Хабар 24 телеарнасы