384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда жастардың әлеуметтік жобалары таныстырылды

  • 344
  • UPD: 21:46, 24.07.2019

Орал қаласында жастардың әлеуметтік жобалары таныстырылды.

Үздіктері Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық қайта құру және даму банкінің гранттарын жеңіп алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар қауымы енді әлеуметтік әлжуаз топтарға тегін қызмет көрсетеді. Алғашқы шеберлік сабақтары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналды.

Оралдық жастар байқауға бас-аяғы 700-ден астам жоба ұсынған. Олардың 200-ден астамы бір миллион теңге көлеміндегі гранттарға ие болды. Мәселен, бұл жоба мүмкіндігі шектеулі балаларға емдік массаж жасауға бағытталған.

Жанна Мәулетова, массажист:

- Аз қамтылған, көп балалы отбасыларға және неврологиялық есепте тұратын балаларға тегін массаж алты ай көлемінде қызмет көрсету. Мұның ішінде емдік мақсатта, реабилитациялық мақсатта көбінесе массаж жүргіземіз.

Тағы бір жобаның көздегені - арбаға таңылған мүгедектерге кондитерлік өнімдер әзірлеуді үйрету.

Аида Қалиуллина, кондитер:

- Осы жоба алты ай бойы жалғасатын болады. Біз әр ай сайын 10 адамнан есептеп отырмыз. Әр адамға сертификат беріледі, болашақта жұмыспен қамтылады.

Аида Мектепқалиева, жобалар менторы:

- Негізгі мақсат - әлеуметтік осал топқа және мүмкімдігі шектеулі жандарға өз қызметтерімен өнімдерін тегін көрсетіп, 6 ай бойы тегін тарату. Содан кейін олар жеке кәсіпкер ретінде аяққа тұрып кетуіне көмектесеміз.

Грантқа ие болғандардың қатарында сүт өнімдерін сату мен үй-кеңселерді тазалау жұмыстарын ұсынған жобалар да бар. Игі істердің барлығы мүмкіндігі шектеулі жандарға еңбек етіп, нәпақа табуға жол ашады. Жобалардың шарапатын көргендердің қатарында «Арба» ұйымының мүшелері бар. Олар білім алып, тәжірибе жинақтау мүмкіндігіне ие болып отыр.

Гүлмира Батпақұлова, қоғамдық бірлестік жетекшісі:

- Бүгіннен бастап мына арбаға таңылған адамдарға, мүгедектерге мастер-класс өткіземіз. Мақсатымыз - өмірде осындай білім алғасын көздері де ашады деп ойлаймын.

Орал өңірінде 20 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың бестен бір бөлігі ғана тұрақты жұмыс істейді.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Ботагөз Базарбаева

Хабар 24 телеарнасы