386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматының хайуанаттар бағында соңғы екі айда 5 жануар өлген

  • 158
  • UPD: 22:28, 24.07.2019
Алматының хайуанаттар бағында соңғы екі айда 5 жануар өлген

Алматы хайуанаттар бағында тағы бір Алма есімді керік өлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бар-жоғы 2 жасар керіктің өліміне не себеп екені әлі белгісіз. Бұл оқиғаға байланысты қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Алматы хайуанаттар бағында соңғы екі айда осымен 5 жануар арам қатты. Алдымен, Ассоль және Гера есімді арыстанның екі күшігі өлген болатын. Мал дәрігерлерінің айтуы бойынша бұл жыртқыш аңдарды жеке адамдар хайуанаттар бағына ауру күйінде әкеліп тапсырған. Одан кейін 18 жастағы ұрғашы керік өлді. Мал дәрігерлері берген қорытындыға сенсек, ол жүрек талмасынан өлген. Ал, Рокки есімді бұланның неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Сондай-ақ хайуанаттар бағының қызметкерлері қартайған әрі аурушаң 19 жастағы Рада есімді жолбарысты дәрі беріп ұйықтататындарын айтқан еді. Енді алматылықтар мен жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерін жасы келіп қалған, көптің көзайымына айналған Алькор есімді аю мен өзге жануарлардың тағдыры алаңдатып отыр. Хайуанаттар бағының директоры әзірге бұл жағдай туралы еш ақпарат бермей отыр. Бірақ мекеме әкімшілігі «жақын күндері бұл өлімдердің себеп-салдары туралы толық мәліметті жариялаймыз», деді. 

Хабар 24 телеарнасы