386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысындағы ауруханада зейнет жасына келген дәрігерлер жұмыс істеуге мәжбүр

  • 112
  • UPD: 08:40, 25.07.2019

Денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында биыл жаңа мемлекеттік бағдарлама қабылданады.

2020-2025 жылдардың аралығын қамтитын құжаттың аясында аудан орталықтары мен ауылдардағы медициналық мекемелер жаңартылады. Бүгінде арнайы жұмыс тобы жер-жерді аралап, емханалардың жай-күйін көріп жүр. 

Егіндікөл ауданы. Ақмола облысына қарайды. Елордадан шамамен 180 шақырым жерде орналасқан. Аудан орталығында 6 мыңдай халық тұрады. Бұл сол көп жұртқа қызмет көрсететін негізгі аурухана. 30 жатын орын бар. Бірақ мамандар жетіспейді.

Мирина Семироза, Егіндікөл ауданының тұрғыны:

- Дәрігерлер жоқ. Жөндеу жүргіземіз дейді. Әрбір палатада дәретхана, жуынатын орын болады деп жатыр. Бірақ оның бәрі не үшін қажет егер мамандар болмаса. Дәрі-дәрмек жоқ. Барлығын өз ақшамызға сатып аламыз.

Татьяна Враженко, Егіндікөл ауданының тұрғыны:

- Гинеколог, хирург жоқ. Ешкімге жүгіне алмаймыз. Тек медбикелер ғана бар. Сол жағы қиын.

Жалпы тәжірибе дәрігері, хирург, окулист, гинекологтың тапшы екендігін бас дәрігер де растап отыр. Былтыр 4 жас маман келген ауруханаға. Бәрі де үймен қамтылыпты. Биыл да келуі тиіс екен. Бірақ әзірге ауруханада зейнетке шыққан дәрігерлер жұмыс істеп жүр.

Суният Егінбаев, Егіндікөл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- Кадрлар келейін деп жатыр. Хирург, жалпы дәрігер терапевт және де кезекте тұр бізге гинеколог дәрігер келу керек.

Тағы бір жаңалық. Ауруханаға алдағы қазан айында құны 27 миллион теңге болатын ультрадыбыстық зерттеу аппараты әкелінбек. Яғни халық арасында «узи» аталып кеткен қондырғының жаңа түрі пайда болады мұнда. Әйтпесе мынаның қолданыста жүргеніне он жылдан асқан. 

Суният Егінбаев, Егіндікөл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- Ескі аппараттан қандай айырмашылығы бар? Жаңа аппараттың эхокардио, анхокардио жасайтын сондай функциясы бар. Тұрғындар қалаларға бармайды. Осы жерде тексеріліп осы аппараттардың арқасында. Жаңағы диабетпен ауыратындар, жүрек ауруы, артрогипартания бар. Осы жерде жұмыс істейді деп ойлаймыз.

Әйтпесе халық қазір осы қондырғы үшін 100 шақырымнан артық жол жүріп, елордаға сабылады. Бір бұл емес. Аудандық ауруханаға тағы бір аппарат әкелінеді.

Суният Егінбаев, Егіндікөл аудандық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- Жаңа рентгент аппараты 33 миллион теңгеге келейін деп тұр. 15 ші тамыз айына дейін аппарат келу керек. Бүгінге дейін мынау рентген аппарат отыз жыл жұмыс істеген. Мына жердің полдары болады жаңа. Қабырға әппақ, терезе пластик болады. Вытяжной ауысады. 

Жалпы бұл аурухана 1974 жылы пайдалануға берілген. Содан түгелдей 1985 жылы жаңартылған екен. Есептесек, 30 жылдан астам уақыт күрделі жөндеу жүргізілмеген.

Қорған Төреқожа, тілші:

- Күрделі жөндеу жүргізіледі. Биыл емес. 2020 жылы. Аурухана шамамен 250 миллион теңгеге түгел жаңартылады. Ал медицина мамандары тұратын жатақхана 14 миллионға жөнделмек. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттары дайын.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы