386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы аудандық ауруханада жасалатын операция саны 2 есеге артқан

  • 105
  • UPD: 08:41, 25.07.2019

Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин аудандық ауруханасында бірқатар операция түрлері ұсынылады.

Сондықтан ауыр халдегі науқастарға дәрігерлік көмекке жүгіну үшін қалаға сабылудың қажеті жоқ. Соңғы жылдары емдеу мекемесінде жедел және жоспарлы операциялардың үлесі екі есеге артқан.

Урологиялық ауруға шалдыққан науқас операцияға дайындалып жатыр. Кезінде мұндай хирургиялық тәсіл облыс орталығында ғана жүргізілетін. Ал қазір онымен күресу жергілікті дәрігерлердің де қолынан келеді. Бейімбет Майлин ауданы орталық ауруханасында кез келген жастағы тұрғынға жедел және жоспарлы операция түрлері жасалады.    

Мақсат Запаров, Бейімбет Майлин ауданы орталық ауруханасының хирургы:

- Соңғы 2-3 жылда эндоскопиялық хирургияны енгізіп жатырық. Осында эндоскопиялық эпиондоктомия және халицектомияларды жасаймыз. 27 жылдың көлемінде осы ауданымыз бойынша 150-200 жасайтын болсақ, қазір 300-400 шамасында.

Арнайы квотамен елордаға емделуге аттанатындар тексерістен осы аудандық ауруханадан өте алады. Бүгінде материалдық базаны нығайту тұрғысында да ешқандай кедергілер жоқ.

Тұрсынкүл Торғайбайқызы, Бейімбет Майлин ауданы орталық ауруханасының қызметкері:

- Бүгінгі таңда наркозды аппарат алдық 20 миллион теңгеге. Бумен тазартатын аспап алдық. Ақылы қызмет аясында да біз жыл сайын автокөлік аламыз. Сосын жетіспей тұрған медициналық техниканы жыл сайын алуға тырысамыз.

Жақында емделу мекемесі жанынан оңалту бөлімшесі ашылған. Мұнда буын ауруларына шалдыққандар, инсульт, инфаркт алғандар дәрігерлердің көмегімен қалпына келеді. Емделу курстары бір аптадан үш аптаға дейін созылады. 

Нұрлан Мұхамеджанов, Әйет ауылының тұрғыны:   

- Дайындаламыз, арасында келеміз, жаттығамыз осында. Қасымызда дәрігерлер болады. Қай жерінен көмектесу керек, қалай істеу керек. Бәрін үйретеді. Осыған дейін Рудный, Лисаков қалаларына барып дайындалып жүретін едік. 

Жыл соңына дейін аудан орталығында дәрігер тапшылығы мәселесі түбегейлі жойылады. Күзде аурухана 17 жас маманмен толығады. Оларды баспанамен қамту жағы толығымен шешімін тапқан.  

Авторлары: Данияр Сұлтанұлы, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы