388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль елшісі Тель-Авив - Нұр-Сұлтан рейсін ашуды ұсынды

  • 330
  • UPD: 14:51, 25.07.2019
Израиль елшісі Тель-Авив - Нұр-Сұлтан рейсін ашуды ұсынды

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Израиль мемлекетінің Қазақстандағы елшісі Лиат Вексельман ханым арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Израиль арасында тікелей әуе рейстерін ашу мәселелері талқыланды. Екі елдің авиациялық билігі арасындағы қолданыстағы келісімдерге сәйкес екі тараптың бекітілген әуе компаниялары Қазақстан мен Израиль арасында 7 тұрақты жолаушылар рейсін және 2 тұрақты жүк рейсін орындауға құқылы. Қазақстан мен Израиль арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту және туристер легін арттыру мақсатында Лиат Вексельман Тель-Авив пен Шанхай арасында жолаушылар рейсін жүзеге асыратын Қытайдың Hainan Airlines әуе компаниясына Нұр-Сұлтан немесе Алматы әуежайларында әуе еркіндігінің бесінші дәрежесін қамтамасыз ету арқылы елдер арасында тікелей әуе қатынасын құруды ұсынды. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасында тікелей рейстерді ашу бойынша жұмысты жалғастыруға келісті.

Екі ел мемлекет арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы, екі дос елдің қарым-қатынастарының нығаюына, сондай-ақ екі елдің туризмінің дамуына ықпал етеді.

Хабар 24 телеарнасы