386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда бензин бағасы қымбаттады

  • 123
  • UPD: 14:00, 25.07.2019

Солтүстік Қазақстан облысында бензин қымбаттады. Ең көп сұранысқа ие АИ-92 маркалы сұйық отынның бір литрі өңірде 154 теңгеге көтерілді.

Ол осыған дейін жанар-жағармай құю бекеттерінде 150 теңгеден босатылып келген болатын. Әкімдіктегілердің айтуы бойынша басты себеп ол - Павлодар және Атырау қалалаларындағы мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге жабылуы. Сондықтан қазір еліміздің солтүстігіне жанар-жағармай уақытша Ресейден жеткізіліп жатыр. Ал алдағы уақытта баға саясаты  қайтадан тұрақталады ма, жоқ па ол әзірге белгісіз. 

Ләззат Ғалиева, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы бөлімінің бас маманы:

- Бізге Шымкенттегі зауыттан тасымалдау тиімсіз. Онда баға тағы да қымбаттайды. Өйткені жол алыс қой. Сондықтан қазір Ресейден импортталып жатыр. Бастысы бүгінгі күні сұйық отын тапшылығы жоқ. Облыста екі мың тонна АИ-92 маркалі бензин және екі жарым мың тонна дизель отыны бар.

Хабар 24 телеарнасы