384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында кредиттің қыспағына ұшыраған отбасылар тізімі жасалып жатыр

  • 365
  • UPD: 13:58, 25.07.2019

Алматы облысында 40 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алады. Тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға өңірлік «Әлеуметтік жол картасы» жобасы аясында да жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Сонымен қатар казір аймақта несиенің кешірілуінен үмітті жанұялардың қаржылық жағдайын саралау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Алакөл ауданының тұрғыны Қарлығаш Медетбаева үш баланың анасы. Қазір кішкентайының күтімімен үйде отыр. Мамыр айынан бері атаулы әлеуметтік көмек алған ол енді несиесінің кешірілуінен үмітті. 

Қарлығаш Медетбаева, ауыл тұрғыны:

- Шағын кәсіпкер атануға шағын несие алған болатынбыз. Қазір кішкентай баламен отырғаннан кейін несиені төлей алмай қалдым. Енді шағын несиемізді төлеп берсе екен деп отырмыз. Егер соны төлеп берсе балаларға көмек болар еді. Балаларды үйірмелерге бергіміз келеді.

Балаларын мектепке дайындау үшін Сақып Қызырқызы да өткен жылы несие алған болатын. Күміс алқа иегері ай сайынғы табысының басым бөлігін берешегін өтеуге жұмсап отыр.

Сақып Қызырқызы, күміс алқа иегері:

- Өзімнің зарплатам 50 мың соның 45 мыңын кредитке төлеймін.  Өкімет жауып берсе, атаулы әлеуметтік көмектен алып отырған ақшаны қосып, мал алып жағдайымды түзесем бе деймін. Үйіме ремонт жасап. Мал алып, қиыншылықтан шықсам ба деймін.

Алакөл ауданында Сақып Қызырқызы сияқты мыңнан аса көп балалы ана атаулы әлеуметтік алады. Қазір сол отбасылардың қаржылық жағдайын арнайы жұмыс тобы саралауда. 

Римма Асқарбекова, Алакөл аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Қазіргі кезде 1042 отбасының ішінде несиесі бар отбасыларды анықтау, зерделеу, қандай несие түрлерін алғандығы жөнінде ауылдық округ мамандарына тапсырма беріліп, анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 113 отбасының несиесі бойынша тізімдері алынып, несиесінің орташа мөлшерлері 300-500 мың теңге көлемінде екені анықталды.  

Өңірде мемлекеттік көмекпен қатар тұрмысы төмен және көпбалалы аналарды  қолдау мақсатында  «Әлеуметтік жол картасы» әзірленген. Соның аясында облыстағы 40 мың отбасыға жан-жақты көмек көрсетіліп отыр. 

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы