388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстағы төтенше жағдай туралы ролик шықты

  • 430

ҚР Қорғаныс министрлігі Арыста болған жарылысқа қатысты видео жариялады.

Онда төтенше жағдай кезінде әскери өрт сөндірушілердің жылдам әрекет еткендігі, өрт сөндірушілердің сұхбаты көрсетілген.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ҚР қарулы күштерінің әртүрлі бөлімдерінен 2500-ден аса адам қатысқан. Жарылыстан 1 қала тұрғыны және өрт сөндіру кезінде екі әскери қызметші қаза тапты.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусым күні Түркістан облысындағы Арыс қаласында орналасқан әскери қоймада жойқын жарылыс болды. 

Хабар 24 телеарнасы