386,66 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда ағаш суаруға жауапты мекеменің көлік жүргізушілеріне жалақысы толық төленді

  • 148
  • UPD: 14:03, 25.07.2019
Ақтауда ағаш суаруға жауапты мекеменің көлік жүргізушілеріне жалақысы толық төленді

Ақтаудағы жасыл желекті суаруға жауапты мекеменің көлік жүргізушілері өз міндетіне қайта кірісті.

Осыдан бірер күн бұрын ауыз су таситын машина айдайтын жиырма адам жұмысқа шығудан бас тартқан еді. Олардың бұл әрекетіне маусым айының жалақысы толық көлемде өтелмеуі себеп болған. Ал жұмыс беруші тарап атқарылған еңбектің көлемін есептеуде қателік болғанын алға тартып отыр. Айтуларынша, су станциясындағы оператор толтыратын журнал тексерілген. Онда желегі суарылған кейбір шағын аудандар туралы мәліметтің тіркелмегені анықталды. Осыған сәйкес мекеме өз жұмысшыларына берешегін өтеді.

Абай Құзабаев, қаланы көгалдандыруға жауапты мекеменің өкілі:

- Біздің мекемеде 61 көлік жүргізуші жұмыс істейді. Әрқайсының алатын айлығы 350 мың теңге. Газбен жүретін жекеменшік көлігіне сұйық отынды өздері сатып алады. Ал оператордың міндеті әр машинаның қанша рет рейске шыққанын журналға тіркеу. Жалпы су таситын көліктің қай жерге барғаны фотоға түсіріледі. Оған қарап жалақы есептеледі. Тексеру кезінде журналға тіркелмей қалған рейстер анықталды. Қазір бұл мәселе шешілді. Айлығын толық көлемде алған жүргізушілер жұмысқа оралды.

Хабар 24 телеарнасы