385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыста электр, су және кәріз жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

  • 176
  • UPD: 15:10, 25.07.2019
Арыста электр, су және кәріз жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр

Жарылыстардан зақым келген орталық су желісін жөндеуге мамандар кешелі бері кірісті.

Жоспар бойынша ұзындығы 7 шақырымдық құбыр орнына жаңасы төселеді. Ал кәріз жүйесіндегі ақауларды жою шаралары 80 процентке орындалып тұр. Төтенше оқиға кезінде қаладағы жылу қазандығы да қатты бүлінген еді. Қазір бұл нысанның сынған есік-терезесі ауыстырылуда. Жалпы Арыстың аумағында төрт қазандық бар. Олар 30 көп қабатты баспана мен 11 әлеуметтік маңыздағы ғимараттарды жылытады.

Айта кетейік, бүгінде екі мыңға тарта тұрғын үй қалпына келтірілді. Өзге де нысандарды жөндеу ісі әлі жалғасып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы